«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансері» ШЖК МКК, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Асанбай Асқаров көшесі, 282, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансері» ШЖК МКК үшін 2021 жылға дәрілік заттар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізетіндігін хабарлайды.
Жалпы сомасы 3 884 652 теңге 00 тиын.
Сатып алынатын тауарлардың тізімі, олардың көлемі және толық ерекшеліктері 2-қосымшада көрсетілген.
Тауарлар Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Асанбай Асқаров көшесі, 282 бойынша жеткізілуі тиіс.
Тауарды жеткізу мерзімі: келісім-шарт жасалғаннан күнен бастап тапсырыс берушінің тапсырысына сәйкес 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуға «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы №1729 қаулысының 3, 4 тарауларында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.
Баға ұсыныстарын берудің соңғы мерзімі 2021 жылғы 01 ақпан, сағат 11:00-ге дейін, мына мекенжайда: Тараз қаласы, Асанбай Асқаров көшесі, 282, 3 қабат 31-кабинетке өткізу.
Баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсімі 2021 жыл 01 ақпан, сағат 12:00-де мына мекенжайда: Тараз қаласы, Асанбай Асқаров көшесі, 282, 3-ші қабат, мәжіліс залында өтеді.
Әлеуетті өнім берушілер бағалар ұсыныстары салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысуға болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7262) 51-09-16.
№ | Название | Скачать |
---|---|---|
1 | Приложение 2 | ![]() |
2 | Приложение 3 | ![]() |