Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансерінде 20 наурыз 2018 жылы «Қош келдің Наурыз» атты мерекелік кеш өтті.
Наурыз мерекесіне орай ұлттық тағамдармен дастархан жайылды. Сонымен қатар наурыз мерекесінің басты тағамы - наурыз көже таратылды.
Конференц залда концерт пен ұлттық салт-дәстүрде дәріптейтін сахналық көріністер көрсетілді. Көрермендер қызметкерлердің «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Келін түсіру», «Бесікке салу» сияқты көріністерін аса зор ілтипатпен көрді. Өнерпаз ұжым әсерлі концерт көрсетті, күмбірлетіп күй ойналды, ән шырқалды, «Арқан тарту» ұлттық ойыны өткізілді.
Наурыз мерекесі тал отырғызу дәстүрімен жалғасты. Сол күні диспансерде 10 ағаш диспансердің қызметкерлерімен отырғызылды.
Қамқорлықты қажет ететін екі отбасына негізгі азық-түлік қорларын сатып алу арқылы материалдық көмек көрсетілді.