Карта сайта
Карта сайта
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Сайттың толық нұсқасы

   Горячая линия

                          Phone1414

2018 жылдың 9 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы атындағы "Жеңіс" саябағында салтанатты түрде мерекелік іс-шаралар аталып өтті.

Ағымдағы жылдың сәуірінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтың бастамасы бойынша "Ерлік" мемориалдық кешенінің құрылысы басталды.

Қызметкерлер мен құрылысқа  атсалысқан  барлық қатысқан адамдардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде саябақтың келбеті танымастай өзгерді.

Айта кету керек, ұзақ жылдар бойы облыстық драма театрының жанында тұрған Бауыржан Момышұлының ескерткіші "Жеңіс" саябағына ауыстырылып, "Ерлік" мемориалдық кешенінің тас тұғырының орталығында орнатылды. Ескерткіштің  алдына "Мәңгілік алау"да орналастырылды.

Жеңілмейтін адами рухтың, қайсарлық, батылдық және өшпес даңқтың символына айналған «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» шеруі ұйымдастырылды. Марш екі бағытта өтті: "Достық" алаңынан "Жеңіс" саябағына дейін және  А.Сухамбаев ескерткішінен "Жеңіс" саябағына дейін. Шеруге Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансерінің 50 қызметкері қатысты.

Мемориалдық кешенде іс-шаралар мерекелік концерт пен театрландырылған қойылыммен жалғасып, кешкі отшашумен аяқталды.

 

Өмірбаян

Сұрақ-жауап

Сұрақ қою

 

 

Абдусаметов Данияр Марсович

Сізді менің блогымда көргеніме қуаныштымын!

ҚР Мемлекеттiк Туы

1992 жылы ресми қабылданған

 

ҚР Мемлекеттiк Елтаңбасы

мұралық, ерекше белгі

 

ҚР Мемлекеттiк Әнұраны

ұлттық салтанатты ән