2018 жылы 13 маусым күні сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі Министрі Дархан Қалетаевтың халықпен есеп беру кездесуі өтеді.
Министр есептік кездесуінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ, есептік кездесу барысында түскен халықтың сұрағына жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімінде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференция байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады. Министрдің халық алдындағы есептік кездесуі тікелей эфир арқылы www.bnews.kz интернет-порталында көрсетіледі.
Өткізу орны: г. Астана, ул: Д. Қонаев көшесі 4, "Қазмедиа орталығы" ғимараты, киноконцерт залы.
Егер сізде ведомство қызметіне қатысты сұрақтарыңыз болса, оларды электрондық мекен-жайы k.kense@diakom.gov.kz немесе мына телефондар арқылы хабарласуға болады 8 (7172) 74-18-48, 8 (7172) 74-18-68.