«Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық терівенерологиялық диспансері» ШЖҚ МКК кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында төмендегі қызмет түрлері бойынша «Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» НАО филиалымен 2019 жылғы 3 қаңтардағы №06-0119-00035, №06-0119-00036 келісім шарт жасалғандығы туралы хабарлайды:
1. Дерматовенерология мамандығы бойынша - ересектер мен балаларға стационарлық медициналық көмек көрсету.
2. Дерматовенерология мамандығы бойынша - ересектер мен балаларға стационар алмастырушы көмек көрсету.
3. Дерматовенерология мамандығы бойынша - ересектер мен балаларға консультативті – диагностикалық медициналық көмек көрсету.
4. Медициналық реабилитология-физиотерапия.
5. Зертханалық диагностика: жалпы клиникалық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер, серологиялық зерттеулер, бактериологиялық зерттеулер, иммунологиялық зерттеулер.
Мекемеде медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары және бірінші дәрежелі білікті дәрігерлер мен медбикелер жұмыс жасайды.
Келісім шарт мерзімі – 2019 жыл 31 желтоқсан.
Қызмет көрсету орны- Жамбыл облысы, Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі, 282.
Қосымша ақпаратты 8 /726/2 52-13-63, 52-12-85 телефон номерлері арқылы ала аласыздар.