2022 жылғы 20 қазанда сағат 12.00-де Жамбыл облыстық венерологиялық диспансерінің қызметкерлері арасында цифрлық сауаттылықты арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін оқыту, "Egov"порталын танымал ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қаласының № 4 бөлімінің қызметкері С. А. Темірбекова жүргізді