Тараз өңірлік университетінде. М.Х. Дулати экономика және құқық факультетінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің университет студенттерімен және оқытушыларымен "Қазақстан халқы Ассамблеясының жалпықазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі"тақырыбында кездесуі өтті. Іс-шара Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орайластырылған. Кездесуде "Қазақстан халқы Ассамблеясы" кафедрасының меңгерушісі, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Мамедова Парида, облыс ҚХА мүшесі, "Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық кожновенерологиялық диспансері" ШЖҚ КМК бас дәрігері Абдусаметов Данияр Марсұлы, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, "Полонез "поляк мәдени орталығы"этномәдени бірлестігінің мүшесі, Дмитриенко Анна Александровна әділет капитаны қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Кадр саясаты тобының жеке құрамы бойынша психолог, Тараз өңірлік университетінің "Экономика" кафедрасының меңгерушісі Кенжебекова Марина Төлеуқызы.