Қазақстан Республикасы Перезидентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Сондықтан Алғыс айту күнін тарихқа тағзым ету деп түсінуге де болады. Бүгін Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында ерінбей еңбек етіп, маңдай терін төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
«Жамбыл облыстық терівенерологиялық диспансері» ШЖҚ МКК ұжымында Республикамыздың өсіп өркендеуі үшін, көп ұлтты ұжым ауыз біршілікте, татулықта еңбек етуде.
Алғыс айту күні Облтерівендиспансер қызметкерлері Келушілерді Алғыс айту күнімен құттықтап, оларға мерекенің мәнін, оның Қазақстан халқы үшін маңыздылығын түсіндірді. Мереке аясында «Алғыс айту күні, қазақстандықтардың бір-біріне деген татулығы мен сүйіспеншілігі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді, 105 адам қамтылды. Жоғары санатты дәрігер мамандардың қатысуымен тегін кеңес беру ұйымдастырылды.
Ұжым қызметкерлері үшін салтанатты жиын өтті, онда бас дәрігер Д.М.Абдусаметов ұжым қызметкерлерін Алғыс айту күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.